23.09.2025, 17:45
Оқылды: 393

Жәнібекте мемлекет қолдауы - берекелі бастамаға негіз болды

Бүгін, Жәнібек ауданының тұрғыны Айтжан Мақсотовтың аудан тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа форматтағы тамақтану орны, яғни заманауи дәмханасы салтанатты түрде ашылды. Жаңа бизнес нысанын ашу мемлекеттен берілген қайтарымсыз гранттың арқасында мүмкін болды.   

image-23-09-25-04-09-1

Мәзірінің басым бөлігі фаст-фуд өнімдерінен тұратын бұл дәмхана қазіргі заман талабына сай жабдықталып, алғашқы келушілерін қабылдауға да кірісіп үлгерді.

Ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов, кәсіпкер Айтжан Мұрадымұлын жаңа бастамасымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

image-23-09-25-04-09

– «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жаңа бизнесті бастау және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында берілетін қайтарымсыз гранттар – жұмыссыздықты азайтуға, әсіресе жастардың кәсіпкерлікке бет бұруына үлкен мүмкіндік. Бұл қолдауды тиімді пайдаланып, іс бастаған жастардың бірі – Айтжан Мұрадымұлы. Жаңа дәмхана ауданымыздағы сервистік қызмет сапасын арттыра түсетініне сенімдіміз. Жаңа кәсібіңізге береке тілейміз, - деді аудан әкімінің орынбасары.

image-23-09-25-04-09-5

Салтанатты рәсімнің аясында қызыл лента қиылып, жиналған жұрт жаңа дәмхананың ішкі жұмысымен танысты. Ал жас кәсіпкер бұл жетістігі туралы былай дейді.

image-23-09-25-04-09-4

– Бұл істі қолға алу көптен бері ойда жүрген. Мамыр айының 21-інен бастап жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз грантқа өтініштер қабылданатыны туралы хабарлама шыққанда, бірден порталға тіркеліп, қажетті құжаттар мен бизнес-жоспарымды жүктеп, өтінішімді жолдадым. Жалпы 20-дан астам үміткер қатысқан еді. Соның ішінде 11 адамның бизнес-жоспары мақұлданып, әрқайсысына 400 айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 572 800 теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді. Үлкен армандар осындай алғашқы нақты қадамдардан басталады деп ойлаймын, – деді жас кәсіпкер.

image-23-09-25-04-09-2

Жаңа дәмхана алдағы уақытта бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтып, аудан халқы мен қонақтарына заманауи әрі қолжетімді қызмет ұсынуды көздейді.

 

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале