6.08.2024, 9:45
Оқылды: 15

Жәнібекте мотивациялық кездесу өтті

12 тамыз – Халықаралық жастар күні мерекесіне орай «JAIYQ JASTARY» фестивалінің онкүндік шаралары аясында Жәнібек аудандық мәдениет үйінің фойесінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі  ресурстық орталықтың ұйымдастырумен «Жас келсе, іске» атты мотивациялық кездесу өтті.
E7626F73-C8E2-4F08-B03B-6E58BE005CFD
Кешті газетіміздің жас тілшісі Арай Сейфолла мен орталық басшысының міндетін уақытша атқарушы Меңдіхан Халиханов жүргізді. Айта кету керек, мотивациялық кездесу аудан жастарының қатысуымен алғаш рет өтті.
Кездесу барысында ауданға белгілі жас кәсіпкерлер «Әлем» супермаркетінің жетекшісі Әлімжан Елемесов, «Хамза» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Абылай Әміров, «AlemDent» тіс емдеу орталығының басшысы Алтынбек Ғубайдуллин мен аудандық мансап орталығының маманы Қайырбек Жұманиязов өз жетістіктері жайында айтып, жиналған жастарға ақыл-кеңестерін берді.
1B28452E-FD16-4907-8C6D-4F922ABB80D8
Кеш барысында сұрақтар қойылып, сәйкесінше жауаптар алынды. Мәселен, Әлімжан Елемесов жастарға өзі еңбектеніп жүрген еңбек жолын, оның қызығы мен қиындығы туралы айтып, жастарды рухани бай болуға, бос уақытты тиімді пайдалану керектігі мақсатында мотивациялық кеңесін берді. Бастаған кәсіпті жан қалауымен жасауға тырысу қажеттігін жеткізді.

Абылай Әміров алғаш кәсібін мемлекеттік қайтарымсыз грант ұтып алып, шаштараз ашқанын, ол саланың жақсы табыс әкелгенін айта кетті. Кейін ол ұялы телефондарды жөндеу кәсібіне ауысып, қазіргі таңда кәсібінің сұранысқа ие екенін жеткізді.

75CA2A15-B879-4A3A-A393-28C63678EA6E
Ол өз сөзінде жастарға жаны сүйетін кәсіппен айналысуға кеңес беріп, қазіргі таңда сұранысқа ие мобилография, smm-мамандары ауданымызға керек екенін айтып, жастарға ой саларлық мотивация тастады.
Жастар кездесуде керемет әсер алғандарын айтып, алдағы уақытта да әртүрлі бағыттағы жетістікке жеткен тұлғалармен кездесу ұйымдастыруды ұсыныс ретінде айтты.
Бану Берікқали
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале