19.09.2018, 11:30
Оқылды: 56

Жәнібекте «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті.

800

Конференцияда Жәнібек ауылдық округінің №4 Мектеп сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына биыл 28 қазанда өтетін сайлауға байланысты «Нұр Отан» партиясының атынан түсетін кандидатты ұсыну мәселесі қаралып, талқыланды.

Партияның Жарғысына сай биыл 8 қыркүйекте «Жәнібек» бастауыш партия ұйымында праймериз өткізіліп, үміткерлерге дауыс беру нәтижесіне сәйкес депутаттыққа кандидат ретінде Қанат Нығметов праймеризке қатысқан партия мүшелерінің басым дауысына ие болған. Конференцияның шешімімен праймериз нәтижелерін негізге ала отырып, аталған сайлау округі бойынша Қанат Имақашұлының кандидатурасы қабылданды.

                                                                                    Н.ӨТЕЙ,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале