Бүгінгі қазақ елі үшін саяси маңызды науқанда жәнібектіктердің белсенділігі жоғары. Аудан орталығындағы сайлау учаскелеріне дауыс берушілер толассыз ағылуда. Есенғалиевтер отбасы да 140-шы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
«Президент еліміздің ынтымағы мен бірлігін сақтайтын, болашаққа нық қадам басатын мықты саясаткер болуы керек. Сондықтан біз барынша дұрыс таңдау жасауға тырыстық. Сізде өз таңдауыңызды жасаңыз»,- дейді жерлестеріміз.
Бақытжан Серіков,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz