15.02.2024, 20:41
Оқылды: 50

Жәнібекте өткен шеберлік сағаты аяқталды

Ұлы ақын Абай Құнанбаев өзінің жетінші қарасөзінде жас баланың анадан екі түрлі мінезбен дүниеге келетінін айтады. Біріншісі тән құмары болса, екіншісі жан құмары екен. Тән құмарын айтпасақ та, белгілі. Ал жан құмарымен өскен бала елінің бос жеріне кетік болып қаланады. Қызмет етеді, еңбекті сүйеді, білім қуады.

427993677_945678877561787_3468440860349833786_n

Жәнібек ауданында жан құмарын қалайтын жастар мен мамандар бар екен. Тек оларды қолдау керек. Дер кезінде тани білуіміз керек. Осы мақсат үшін ұйымдастырылған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың және аудандық "Шұғыла" қоғамдық-саяси газетінің SMM, мобилография, графикалық дизайн салалары бойынша шеберлік сағаты мәресіне жетті.

428177007_945668634229478_8315712576402952625_n

Таңнан басталған шеберлік сағаты өте қызықты өтті. Отызға жуық қатысушылардың ішінде ауданымыздағы мекемелердің баспасөз мамандары мен студенттер, аудан жастары қатысты. Оларға тың ақпараттар беріліп, заман талабына сай ресми парақшаларды қалай жүргізуге болатыны туралы айтылды. Сонымен қатар үш сала бойынша қатысушыларға тапсырмалар берілді. Нәтижесінде «Үздік ақпарат» аталымына №1 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлсезім Мақсотова, «Үздік графикалық дизайн» аталымына аудандық полиция бөлімінің қызметкері Мерей Қарағойшин, «Үздік мобилограф» аталымына М. Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің студенті Нұрдәулет Бақытқали ие болды. Аталған колледждің шебері Абылай Әміров те шеберлігімен көзге түсті. Ұстаз бен шәкірттің жетістігі бізді де қуантты. Үздіктер мен қатысушыларға естелік сыйлықтар мен шеберлік сағатына қатысқандарын растайтын сертификат табысталды.

427909166_945678934228448_1641293718071390484_n

Соңында ұйымдастырушылар атынан Мөлдір Әбдірешева мен Гүлзара Төреғалиева алғысын айтты. Осы тектес шаралардың әлі де жалғасын табатынын жеткізді.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале