18.09.2024, 22:30
Оқылды: 126

Жәнібекте өткен жиында діни және отбасы құндылықтары сөз болды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында облысымыз бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Айман Хайруллина және БҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушысы Әбдірашит Абдрасулдың қатысумен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодекісін сақтауы, жалпы қоғамда өзін-өзі ұстауы, мемлекеттік қызметкерлердің дін ұстауы және басқа да мәселелерге байланысты жиын өтті. Жиынға ауылдық округтердің әкімдері мен дербес бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері қатысты.

1

Сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдинов келген  қонақтарға «қош келдіңіз» айтып, кездесуді ашық форматта өткізуге және сұрақтар қойып отыруға шақырды.

Діни ахуалдан сыр шерткен Әдірашит Арманұлы қазіргі қоғамдағы дін саласында кездесетін негізгі проблемалар мен міндеттерді терең және жан-жақты қарастырды. Сонымен қатар дәстүрлі емес діни ағымдардың таралу жолдарын, олардың мақсаттары қандай деген сауалдарға жауап беріп отырды.

image-18-09-24-06-36-3

Әрмен қарай әдеп жөніндегі уәкіл Айман Рафикқызы сөз алып,  Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын, Әдеп кодекісін сақтау мәселелері жайында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар қызмет алуға келген халыққа Әдеп кодексіне сәйкес, адал қарапайым болу, жалпы қабылданған моральды-этикалық нормаларды сақтау, азаматтар және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілікті сақтау керектігін, сондай-ақ отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесі туралы сөз қозғады.

image-18-09-24-06-36-4

Жиын соңында қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Бану Самат,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале