Бүгін Жәнібек аудандық орталықтандырылған кітапхана жанынан «Парасат жолы» орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты – ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыру.
Шара барысында аталмыш орталықтың жетекшісі Светлана Джукина орталықтың маңыздылығына тоқталды. Орталықтың лентасын қию аудандық мешіттің бас имамы Есенболат Абдуғалиев пен ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошановаға бұйырды.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев те орталықтың ашылуымен құттықтап, жастарды орталық жұмысын дамытуға шақырды. Шараға шақырулы қонақтардан бөлек кітапхана қызметкерлері де қатысты.
Б.Серіков,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz