20.09.2024, 17:45
Оқылды: 78

Жәнібекте Рахметолла Егізбаев оқуларының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Жәнібек ауданында алғаш рет мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО Журналистер Одағының мүшесі, ақын Рахметолла Егізбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ақынның өмірі мен шығармашылығын, еңбек жолын насихаттау, ауданымыздан шыққан жерлес тұлғаның өнегелі өмірін бағалап, оның қадір-қасиетін танып, кейінгі ұрпаққа қастерлеп жеткізу мақсатында аудандық тарихи-өлкетану музей мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен, аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен аудандық І «Рахметолла Егізбаев оқулары» шығармашылық байқауы өтті.

C55B3169-1C67-45AA-9F2F-B17CF51EEBBD

Шара басталар алдында аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов сөз сөйлеп, ұйымдастыру алқасына ризашылығын білдірді. Ол осы бағыттағы шаралардың ауданымыздан шыққан алыптарды дәріптеп, келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырудағы маңыздылығына баса тоқталды.

Қатысушыларға сәттілік тілеп, биіктерден көрінуге тілектестік білдірді.

6312661F-55B3-421E-91A5-9CCC550A7671

Әрмен қарай аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Қуаныш Аждуов сайысқа қатысушылар мен көрермендерге сазды сәлемдемесін жолдады.

Байқауда аудан бойынша білім алып жатқан 3-11 сынып оқушылары, яғни 23 бала бақ сынады. Алғашқы кезеңде қатысушыларға ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу тапсырылды. Екінші кезеңде оқушылар ақын Рахметолла Егізбаевқа арнаған  туындысын ұсынуы тиіс болды.

078C957E-3429-4A70-9B50-A92CDC180CC4

Байқауда өз бағасын беру үшін Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Халық алғысы» медалінің иегері, жерлесіміз Нұртай Текебаев арнайы келді. Одан бөлек, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» Жұпар Хамзина, Батыс Қазақстан облысының  «Құрметті ардагері» төсбелгісінің иегері, ардагер ұстаз Риза Сағынаева, Жәнібек аудандық музей бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Еңбек  Даңқы» төсбелгісінің иегері Меңдігүл Фазылова әділқазы алқасының құрамынан табылды.

Қатысушылар жеребе тарту арқылы реттік нөмірлерін белгілеп, кезекпен сахна төріне шығып, Р.Егізбаев шығармаларын орындады.

76533933-5C45-407D-A848-3BEB432617C9

Жеңімпаздар мен жүлделі орындарға ие болған қатысушылар:

«Ақын Егізбаев өлеңдерін жатқа оқу» бағамы бойынша:

Бас жүлде -Айнамкөз Қадырболат (Тегісшіл негізгі орта мектебі). 1 орын - Әминат Тілекқызы (Тегісшіл негізгі мектебі), Санжар Мухамбетқалиев (Тегісшіл негізгі мектебі), 2 орын - Нұрайна Нұрлан (Тегісшіл негізгі мектебі), Ақнұр Жасталапова (М.Б.Ықсанов атындағы орта мектебі), 3 орын - Гүлбақыт Құсайын (А.Оразбаева атындағы негізгі мектебі), Динара Жаппарова (Ө.Сахипов атындағы орта мектебі), Інжу Салауат (Ө.Сахипов атындағы орта мектебі).

8CE0CC1D-7CD7-4E6D-80E5-BCED124AAFED

«Ақын Егізбаевқа арнаған сөз туындыларын оқу» бағамы бойынша:

Бас жүлде - Жанару Марлен (Ө.Сахипов атындағы орта мектебі) иеленді.

Кеш соңында Меңдігүл Ғарифоллақызы қорытынды сөз сөйлеп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге және жетекшілеріне диплом, естелік сыйлықтар мен ақшалай жүлделерді табыс етті.

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале