27.09.2024, 17:30
Оқылды: 11

Жәнібекте Рахметолла Егізбаевтың 100 жылдығына арналған облыстық конференция басталды

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО Журналистер одағының мүшесі Рахметолла Егізбаевтың 100 жылдығына арналған облыстық ғылыми-практикалық конференция басталды.

E8F05368-3BB3-4A01-B004-71BF7A183D23

Аудандық мәдениет үйінде өтіп жатқан конференция қонақтарын «Жәнібек сазы» халықтық-фольклорлық ансамблі әдемі әуенмен қарсылап алса, конференция қатысушылары фойеде ұйымдастырылған көрмемен танысты.

455D664E-1053-439E-A335-E126D1EA004E

Қонақтар қатарында М.Ықсанов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Асқар Атаев, Р.Егізбаевтің немере қарындасы Айжан Егізбаева, Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Кенесары Нұрша табылды.

EA5A5E23-D4F8-4E07-AD97-5ABDF0DB4479

Көрмені М.Мәметова атындағы облыстық мемориалдық музейі, аудандық тарихи-өлкетану музейі мен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі дайындап, назарға ұсынды.

Конференция модераторы М.Мәметова атындағы облыстық мемориалдық музейдің меңгерушісі Ахмедияр Батырханов «қош келдіңіз» айтып, спикерлерді таныстырды.

52B1BCAC-21AA-4C6B-9638-29EE5DCF33A4

Алғаш боп аудан әкімі Тимур Шиниязов Рахметолла Сүйіндікұлының өмір жолы мен қайраткерлігі туралы баяндама жасады.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале