4.10.2024, 15:15
Оқылды: 138

Жәнібекте референдум комиссияларының дайындығы мығым

Жәнібек ауданы бойынша бір аумақтық, 19 учаскелік референдум комиссиясы бар. Аумақтық референдум комиссиясында – жеті адам, учаскелік референдум комиссияларында – 105 адам жұмыс істейді.

3C78F3DD-C422-4CE8-A50E-DAEAD08EC707

Қазіргі кезде тоғыз ауылдық округте 19 референдум учаскесі бар. Дауыс беру өтетін референдум учаскелерінің дайындықтары, керекті құрал-жабдықтармен қамтылуы тексеріліп, түгендеу жұмысы жүргізілді.

Ғимарат алдындағы ақпараттық тақталармен, телефон және компьютерлермен қамтамасыз ету әр кезде де атқарушы органдардың көмегімен жүзеге асып келеді. Осы жұмыстардың тиісті мекемелермен орындалуы назарға алынған. Кеңсе тауарлары мен керекті құралдар орталықтандырылған түрде алынып беріледі.

Ақпараттық стендтер жасақталып, ілінуге тиісті құжаттар (референдум комиссиясының құрамы, сенім және жоғары тұрған референдум комиссияларының телефоны, референдум учаскесіндегі тәртіп қағидалары, кезекшілік кестесі, референдум өткізу туралы ақпарат т.б.) дайын.

Мүгедектігі бар адамдардың тізімі аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен салыстыра отырып, нақтыланды. Олардың референдум учаскелеріне еш кедергісіз кіріп, дауыс берулеріне толық жағдай жасалған.

image-01-10-24-12-20

Күні бүгінге аудандағы 105 учаскелік референдум комиссия мүшелерінің барлығы да «ҚР сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңдары бойынша оқытудан өтті. 

25 қыркүйек күні «Республикалық референдумға дайындық пен өткізудегі референдум комиссияларының жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» тақырыбындағы аудандық семинар-кеңес өтті. Семинарға БҚО аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов қатысты.

Облыстық референдум комиссиясының төрағасы учаскелік комиссия мүшелеріне заң бұзушылықтарға жол бермеуін ескертіп, ақпараттандыру жұмысына басымдық беруді, әріптестерді оқытуды жалғастыра беруді тапсырды. Семинардың екінші бөлігінде учаскелік комиссия мүшелері референдум күнгі атқарылатын іс-әрекеттер алгоритмді талдап, түрлі ситуациялық тапсырмаларды орындады.

БҚО аумақтық референдум комиссиясының мүшесі, ауданның кураторы Фархад Хайретдинов оқыту барысында әдістемелік көмек көрсетті.

УРК мүшелерінің біліктілігі «ҚР-дағы сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңдарынан тест тапсыруымен тексерілді.

Ауданда республикалық референдум өтуі жөнінде ақпараттандыру жұмысы да атқарылып жатыр. Бүгінгі күнге барлық референдум учаскелерінде күнтізбелер ілініп, көшелердегі ақпараттық тақталарға және түрлі нысандағы ғимараттардың қасбеттеріне инфографикалар жапсырылды.

Аудан орталығы мен барлық ауылда дыбыс күшейткіш арқылы аудио-хабарламалар ойнатылуда. Орталық алаңдағы ЛЭД-экран арқылы, аудандық аурухана мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимараттарында орналасқан теледидарлар арқылы референдум туралы бейнероликтер көрсетіліп жатыр.

Аудан бойынша 13 орынға, яғни төртеуі аудан орталығы, тоғызы ауылдық округтердің орталықтарына тақырыптық баннерлер орнатылды.

Жарқын Хаирлиев

Жәнібек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале