25.10.2024, 11:15
Оқылды: 144

Жәнібекте Республика күніне орай Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімі өтті

Бүгін ел бойынша Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Ұлттық мерекені Республика бойынша ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды.

image-25-10-24-11-01-5

Республика күні – бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады. Қазақстанның тарихи таңдауын айқындаған Егемендік декларациясы еліміздің берік тұғыры.

2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған «ұлттық мереке» мәртебесін беріп, Қазақстанның басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерді. Мерекелер тізіміне енген бұл дата елдегі жалғыз – ұлттық мейрам. Қайта жаңғырған Республика күні бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи кадам екені даусыз.

Жәнібек ауданында өткен салтанатты шараға ауданның басшы-қосшылары мен тұрғындар қатысты. Мемлекеттік Ту көтеріліп, Гимн орындалды.

image-25-10-24-11-01-2

Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов құттықтау сөз сөйлеп, рәсімнің тарихи мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.

«Көк туымыз – Тәуелсіз Қазақстанның ең басты рәмізі. Халқымыз үшін азаттықтан асыл, байрақтан биік құндылық жоқ. Қазақтың тарихы «Туың жығылмасын!» деген бір ауыз тілекке сыйып тұр. Бабаларымыз қашанда туын биік ұстаған. Елдігі сынға түскен сәтте байрақ астына бірігіп, тұтастығын танытқан. Ерлік пен бірліктің дәстүрі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, Тәуелсіздік дәуіріне ұласты. Егемен елдің көк байрағы – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі» - деді.

image-25-10-24-11-01-4

Шарада аудан әншілері Райымбек Кәрімов, Асылан Боранбаев «Көк тудың желбірегені», «Республикам байтағым менің» әндерін шырқап, мектеп оқушылары өлең-жырдан шашу шашты.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале