12.04.2019, 17:57
Оқылды: 42

Жәнібекте «Рухани жаңғыру» мақаласына байланысты облыстық конференция өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына екі жыл толуына орай Жәнібек ауданында «Рухани жаңғыру – халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар» атты облыстық конференция өтті.

janibek (2)

Алдымен конференцияға жиналған жұртшылық аудандық мәдениет үйінің фойесінде суретшілер Төлебек Есімғалиев пен Орынғали Исентаевтың, аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының туындыларынан арнайы жасақталған көрмемен таныс болды.

-2017 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Аталған мақала негізіндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжатқа айналды. Қазіргі кезде еліміздің түкпір-түкпірінде осы мақала аясындағы жұмыстар жан-жақты жүргізілуде. «Рухани жаңғыру» кеңсесі ашылып, жұмыс тобы құрылды. 2017 жылы 9 094 адам қамтылды. Аталған мақала ауқымында қазіргі кезге дейін бірқатар іс жасалды. Алдағы уақытта да ілкімді істер өз жалғасын табады, - деді аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов конференцияда.

Жиында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан тарихы мен өлкетану ғылымы орталығының» жетекшісі Жаңабек Жақсығалиев сөз алып, «Рухани жаңғыру ұлттық бірегейлік», яғни қазақ халқының генетикалық коды хақында бірнеше мысалдар келтіре отырып, баяндады. Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев те қалыс қалмай, өз ойымен бөлісті.

Гүлзара Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале