10.09.2024, 16:45
Оқылды: 8

Жәнібекте сайлауалды пікірсайыс өтті

2021 жылдың шілде айынан бастап ауыл әкімдерін халық тікелей сайлап келеді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1-бабының 1- тармағына сәйкес және Жәнібек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 9 тамыздағы №12 қаулысы негізінде 15 қыркүйекте Жәнібек ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалған болатын. Сайлауға қатысуға үш үміткер, атап айтсақ, Ғибрат Айтқалиев, Үнзила Күлтанова және Фархинура Нарынова өз кандидатураларын ұсынды.

DF54E352-1B52-4EF9-83E0-CF12497B032B

Осыған орай бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде кандидаттардың бағдарламасын талқылау, біліктіліктерін халық алдында көрсетіп, таныту мақсатында сайлауалды пікірсайыс өтті.

Пікірсайысқа жергілікті қауымдастық, қоғамдық ұйым өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.

16B3206B-AE80-4CF4-BE5D-F11F7B16C0D0

Аталған лауазымға өзін-өзі ұсынған бір үміткер белгілі себептермен бүгінгі пікірсайысқа қатыса алмады. Ол – Фархинура Нарынова. Бүгінгі күнге Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып жатыр.

Жарыссөз үш кезеңнен тұрды. Ең алдымен жеребе арқылы сөйлеу кезегі анықталды. Бірінші кезеңде үміткерлер өз өмірбаянымен қоса еңбек жолын және сайлауалды бағдарламаларымен таныстырса, екінші кезеңде кандидаттар бір-бірімен сұрақ-жауап алмасты.

3D90D3FF-C18B-4519-B0D2-E3CC8C43B990

Ал соңғы кезеңде ауылды көркейтуге ниет білдірушілерге тұрғындар көкейінде жүрген сұрақтарын жолдады. Ауыл тұрғындары белсенділік танытып, ауыл басшысын сайлауға бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Екі үміткер де сұрақтарға нақты жауап беруге тырысып бақты. Әкімдікке тағайындалған жағдайда түйткілді мәселелердің шешімін табуға уәделерін берді.

C8680189-0E69-4EF8-8B3A-B24EA26423F6

Соңында үміткерлер сайлаушыларды өздеріне дауыс беруге шақырып, үндеулерін жолдады.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Жәнібек ауылдық округінде 7 883 тұрғын болса, соның ішінде 4 957 тұрғын дауыс бере алады. Округ бойынша бес сайлау учаскесі жұмыс жасайды.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале