8.03.2025, 16:07
Оқылды: 232

Жәнібекте сән көрсетілімі өтті

Жәнібек ауданында алғаш рет аудандық мәдениет үйінің фойесінде он саусағынан өнер тамған, ісмер, шебер қыздардың қолынан шыққан әдемі дүниелердің сән көрсетілімі өтті.

image-07-03-25-08-52-5

Сәнмен киініп, талғаммен таңдай білу – бұл да үлкен өнер. Бүгінгі сән көрсетілімінің мақсаты – ауданымыздағы ісмер әйелдердің қолынан шыққан бұйымдарды насихаттай отырып, жастарымызды талғампаздыққа, әдемілікке, сұлулыққа баулу.

image-07-03-25-08-52-1
Сән мінбесінде алғаш рет Айдана Нарынованың ұлттық бағыттағы «Зерлі киім – зергек бала» коллекциясы мен түрлі ұзындықтағы шілтері матадан, атлас матадан тігілген кешкі көйлектер мен отбасылық мерекеге арналған ұлттық киім үлгісінде ұсынылды.

image-07-03-25-08-52
Одан соң ісмер, шебер, киім дизайнері Әлия Қадырованың коллекциясы ұсынылды. Әлия Серікқызының ұлттық және этно стильдегі киім үлгілері және қолөнер бұйымдары көрсетілді. Сондай-ақ мектеп оқушыларына арналған ұлттық ойын жобасы ұсынылды. Бұл жоба «Секіртпе» деп аталады. Ойынның түрі қазақтың ою өрнектерін жаттау есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған.

image-07-03-25-08-52-3
Және де күйгенкөлдік Ұлдай Шұғайқызының салтанатты шараға немесе театрға, тағы басқа мәдениет орындарына баруға арналған ыңғайлы әшекей бұйымдары көрсетілді.

image-07-03-25-08-52-4
Сән мен сымбат жарасқан шара соңында қазақ келіндерінің заманауи киім үлгілерімен қатар ақ кимешегі жарқыраған асыл әжелер де көз тоярлықтай сән үлгісін көрсете білді.

Бану Самат
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале