17.08.2024, 15:31
Оқылды: 178

Жәнібекте шекарашылар құрметке бөленді

Мәдениет және демалыс саябағында 18 тамыз – Шекарашылар күні кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты шараның ашылуында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізіліп, Гимн шырқалды. Аудан көркемөнерпазы Алма Жанай «Өсиет» әнін шырқап барша жиналған қауымға рух берді.

image-17-08-24-01-35-2

Аудан әкімі аппаратының басшысы Бекежан Шарафутдинов: «Шекарашы болу – ел іргесінің тыныштығын күзету өте үлкен абыройлы міндет. Осы абыройлы міндетті атқару жолында сіздерге денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Отан алдындағы берген анттарыңызға адал болып, әрқашан осылай отансүйгіштік пен шынайы үлгісіне айналып жүре беріңіздер», - деп ел тыныштығын күзетуге қосқан сүбелі үлестері үшін бір топ шекарашыға Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязовтың алғысхатын Рахымжан Әділбекұлы, Мирлан Нұрланұлы, Рамиль Русланұлы, Айгүл Құлтенқызы, Нұрлан Хапезұлы, Саида Айбасқызы, Мирлан Бисенбайұлына табыстады.

image-17-08-24-01-35-4

Сонымен қатар шекара басқармасының бастығы полковник Ерғали Аймырзаев аталмыш салаға сүбелі үлес қосқан Сапар Мәмбеталиев, Асхат Молдағалиев, Жанна Сайғынова, Ұлболсын Қабышева, Мендігүл Фазылова, Нұрболат Садырбаев сынды бірқатар азамат пен азаматшаға алғысхат табыс етті.

image-17-08-24-01-35-5

Салтанатты шара барысында Ержан Ғизатоллаұлы «Погран застава» әнін шырқады.

image-17-08-24-01-35-6

Шара әрмен қарай Тау ауылдық округін көркемөнерпаздарының концертімен ұласты.

image-17-08-24-01-35-1

Бану Самат,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале