12.07.2024, 9:45
Оқылды: 206

Жәнібекте шөпті шауып алу тиімсіз болып отыр

Жуырда Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев Қамысты және Тау ауылдық округтерінде болып, шаруа қожалықтарының иелерімен кездесіп, мал азығы бойынша жағдайды біліп қайтты.

488C86C6-ED2B-4904-A977-FD07E1A430B5

Қамысты ауылдық округіндегі «Ләззат», «Асылбек», «Жыланды», «Сәрсенов», «Әдиет», Тау ауылдық округіндегі «Ерғазы», «Табиғат», «Нұрасыл», «Өтеміс», «Хайруш», «Сағын» шаруа қожалықтарының жетекшілерімен жүздесіп, биылғы шөп шабу науқанының барысымен танысып, шөптің шығымын, қожалық пен ауыл тұрғындарына қажетті мал азығын білді.

Қожалық иелерінің айтуынша, биыл шөп шығымы өте төмен, жаздың бір айы өтті, алайда мал азығын дайындаудың тек 20 пайызы орындалды. Сонымен қатар жетекшілердің сөзіне сүйенсек, шөпті шауып алу тиімсіз болып отыр.

Себебі техникаға жұмсалатын шығынды шауып алған шөп жаппайды. Егер ауданға басқа жақтан әкеліп, тиімді бағада шөп сатылса, сатып алуға дайын екендерін жеткізді.

Сонымен қатар Мирболат Бауыржанұлы мен Нұрболат Зұлпықарұлы Қамысты ауылындағы Бауыржан Сабанов жетекшілік етіп отырған «EcoClub» жеке кәсіпкерлігінің егістік жеріне барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы алынған суару агрегатын көріп, жұмыс барысымен танысты.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале