Жәнібекте Білім күні қарсаңында №1 мектеп-лицейі жанынан жазғы спорт алаңы ашылды. Жаңа спорт нысанына келген аудан әкімі Азамат Сафималиев жиналған ұстаздар легін құттықтады.

– Бүгін, яғни білім күні ауданда бірнеше әлеуметтік нысандар ашылып жатыр. Бұл – аудан халқы үшін зор қуаныш. Баршаңызды жаңа спорт алаңының ашылуымен құттықтаймын! Бұның бәрі еліміздің болашағы балаларымыз үшін! Болашақта салауатты ұрпақты тәрбиелеуге өзіндік рөлі бар осындай спорт алаңдарын басқа да елді мекендерде ашу жоспарда бар, –деді аудан басшысы. Құттықтаудан кейін аудан әкімі Азамат Сафималиұлы спорт алаңын салған мердігер Айболат Аяповқа алғысхат табыстады. Өз кезегінде Айболат Аяпов мектепке теңбіл доптар табыс етті.

Ұстаздар атынан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Максим Сүндетов көптен күткен спорт алаңын салып бергені үшін жергілікті басшыларға алғысын білдірді.

– Мектеп жанынан осындай спорт алаңшасының ашылғанына қуаныштымыз. Әсіресе спортты жақсы көретін біздер үшін бұл тамаша сыйлық болды. Мектепке барып оқитын күнді асыға күтеміз. Осындай мүмкіндік жасаған ағайларға үлкен рақмет, – дейді оқушылар.

zhaikpress.kz