Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік салаға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) енгізіледі. Жәнібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының бұрынғы директоры Нұрлыбек Төрешовтың басшылығымен бұл тұрғыда бірқатар жұмыс атқарылды. Мұны білмек мақсатта аталған орталықтың басшысымен сөйлескен едік.

– Нұрлыбек Берікқалиұлы, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті аудан тұрғындары қалай қабылдады және тағайындау барысында қиындықтар болды ма?
– Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аты айтып тұрғандай жаңаданенгізілгесінтүсінбестіктер болмады емес болды. Осыған байланысты бірнеше жиындар өткізіп, тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргіздік. Тұрғындар құжаттарын тапсырып, көмекті алғаннан кейін олардың жағдайлары жақсарды деп айта аламын. Аса күрделі қиындықтар болған жоқ. Әрине, облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан интернет желісі кедергі жасады. Бірақ бұған қарамастан көмекке мұқтаж барлық отбасыларға көмектесуге тырыстық.
– Осыған дейін алып келген жәрдемақы мен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің айырмашылығы неде?
– Айырмашылығы жер мен көктей. Осы уақытқа дейін алып келген жәрдемақы тоқсанға бір рет беріліп, қаражаты аз болса, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті ай сайын алып, тұрмыс сапасын жақсарту үшін тағайындалған. Әр отбасы мүшесіне есептегенде табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызы критерийінен аспайтын отбасылар аз қамтылған отбасы болып саналады. Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз түрде тағайындалатын ақшалай төлем, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, яғни оқуға, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, микрокредиттер беру, жұмысқа орналастыру, сонымен қатар әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемікешенін қамтиды. Бірінші сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі бір адамға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыздан 70 пайызға дейін, яғни 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін көбейді. Сондай-ақ жиынтық табысты есептеу қағидалары өзгертілді. 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындаған кезде отбасының жиынтық табысынан көп балалы отбасыға, «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгілерімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ мүгедектігі бойынша балаларға берілетін жәрдемақы және студенттердің шәкіртақысы алып тасталады. Көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттарды оңтайландыру арқылы АӘК тағайындау рәсімі жеңілдетілді. Барлық қажетті құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен сұратылды. Халықты жұмыспен қамту орталықтары немесе ауылдық округтер әкімдіктерінің мамандары ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде тиісті мемлекеттік органдарға сұраулар жолдады.Біздің алдымыздағы тағы бір міндет, ол көп балалы отбасыларды жұмыспен қамту болып отыр. Ол үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілді. Біріншіден, көп балалы ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету, оларға отбасылық бизнес ашу, табысын арттыру үшін жаңа бизнес-идеяларға 505 мың теңге мөлшерінде өтеусіз негізде мемлекеттік гранттар берілді.Екіншіден, ауылдық жерлердегі аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін сұранысқа ие кәсіптерге қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылды. Сонымен қатар жекелеген жұмыс түрлері бойынша жалақысы субсидияланатын үйде орындалатын әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. Бұл бала күтімі мен еңбек қызметін қоса атқаруға, сондай-ақ қосымша табыс көзін алуға мүмкіндік береді.
–Осы жылдың 1 қарашасына дейін қанша отбасыға көмек тағайындалды?
– Бұл уақытқа дейін 3059 адам немесе 685 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Оның ішінде 215 адам немесе 56 отбасыға шартсыз ақшалай көмек, 2 844 адам немесе 629 отбасыға шартты ақшалай көмек тағайындалды.
– Табысын жасырып, нағыз көмекке мұқтаж жандардың алдын ораған отбасының саны қанша және оларға қандай шара қолданылды?
– I және II тоқсан бойынша табысын жасырған 92 отбасыға төлемдер тоқтатылды. 348 отбасыға қайта есептеу жүргізілді. Төлемдер тоқтатылған отбасылар Қазақстан Республикасының Зандарына сай қаражаттарын қайтаруы керек. Қазіргі таңда табысын жасырған 92 отбасының үшеуі қаржыны толықтай қайтарды. Бұл жерде атаулы әлеуметтік көмек алушылар өздерінің ата-аналарының мекен жайын ауыстырған, сонымен қатар жеке қосалқы шаруашылығындағы малын басқа адамның атына жаздырған.
– Тұрғындар арасынан АӘК туралы көптеген жайттарды естиміз. Мәселен, отбасындағы төменгі күнкөріс деңгейін есептеп келгенде 10-20 теңгеге асып кетті. Отбасы көмектен қағылды. Бірақ шындығында ол отбасы көмекке қатты зәру. Осы тұрғыда өз ойыңызбен бөліссеңіз?
– Атаулы әлеуметтік көмек алдыңғы тоқсанда отбасының табысы асқан жағдайда келесі тоқсанға есептетіп, табысы аспаған жағдайда қайта тапсыра алады.
– Әлеуметтік желіде 2020 жылға арналған жәрдемақының жаңа түрлері айтылуда. Осы туралы не айтасыз? Алдағы жылдан қандай өзгерістер немесе жаңалықтар күтуге болады?
– 2020 жылғы атаулы әлеуметтік көмектің жаңа механизмі Парламент Мәжілісінде және Сенатта талқылануда. Президент қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Ол үш түрге бөлінеді, біріншіден, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасы жаңа мемлекеттік жәрдемақы алады. Екіншіден, 2020 жылдың 1 қаңтарынан АӘК-нің жаңа механизмі іске қосылады. Бұл туралы қол қойылғаннан кейін белгілі болады. Үшіншіден, табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылады. Аталған мемлекеттік жәрдемақыны енгізу Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша ҚР Еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көп балалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағытының бірі. Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақы төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді деп жоспарлануда. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға – 53 125 теңге, 6 балаға – 63 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 375 теңге төленеді. АӘК табысы аз отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға төленеді. Ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызы тағайындаудың шекті критерийі болып қала береді. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасыға да тоқтатылады. Табысы аз отбасылардан шыққан балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу ұсынылады. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі.
-Әңгімеңізге рахмет!
Әңгімелескен
ГүлзараТілекқабылқызы
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер