Әлемдегі адам баласы ес білгеннен бастап бір-біріне мейірім сыйлап, әрдайым қамқор болуы керек дейміз. Себебі әлемді тазалық пен мейірімділік құтқарады. Ал сенбілік – табиғатқа қамқорлық. Адам адамды қалай демесе және қалай қамқорлық жасаса, қоршаған ортаны да дәл солай аялауы қажет.
Кеше тазалық айлығы аясында Орда орман шаруашылығының Жәнібек стационарында (академбақ) сенбілік өтті.
Аудан әкімі Тимур Шиниязов бастаған басшылар, мекеме қызметкерлері, еңбек адамдары қатысып, сенбіліктің ауданымыз үшін маңызды екенін көрсетті.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz