Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы бағытындағы күре жолды жөндеу ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тікелей бақылауында тұр.
Осыған байланысты Жәнібек ауданына «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов, республикалық, облыстық жол және теміржол жөндеу басқармаларынан басшылары келді.
Олар аудандағы теміржол тұйықтарын аралап, «БАМ» ЖШС-ы мен мұнай базасындағы 5 пен 6-шы тұйықтың теміржолын жөндеп, жол жөндеуге қажет шикізатты аталған тұйықтарға түсіретінін айтты. Ресей теміржолының келісімімен жөндеу жұмыстары шамамен 7-10 күн аралығында жүргізіледі.
Гүлзара Тілекқабылқызы,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер