Мектеп бітіруші түлектер ауылға немесе білім ордасына қомақты сый жасауды үрдіске айналдырған.
Таяуда Жәнібектің Тау ауылдық округіндегі Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептің 2000 жылғы түлектері ауылдың кіреберісіне қақпа орнатты. Құны 1,2 млн. теңге тұратын қақпаның ашылу салтанаты 25 мамыр күні өтті.
Сонымен қатар түлектер аталған ауылдық округ әкімдігімен бірігіп, ауылға 10 дана түнде көшеге жарық беретін шам қондырды. Тау ауылының әкімі Нұрлыбек Төрешов туған ауылдарына жасаған игі істері үшін түлектерге алғысын білдірді.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz