2.11.2018, 16:05
Оқылды: 39

Жәнібекте тұрғын үй пайдалануға берілді

Бүгін Жәнібек ауданының орталығында екіқабатты сегіз пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысты.

IMG_0005

   -Ауданда көптеген жұмыс атқарылып жатыр. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ауданда 104 үйдің құрылысы басталған болатын. Былтыр 24, биыл 40 отбасы баспаналы болды. Таяуда тағы 40 пәтер пайдалануға берілмекші. Ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен бұрын әкімшілік ғимараты болған үйді күрделі жөндеуден өткізіп, пайдалануға бергелі тұрмыз. Табиғи газ, су, электр жарығы өткізілді,– деген аудан әкімі, тұрғындарды құттықтады.

         Бұдан кейін аудан басшысы мен аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимов көпбалалы және толық емес отбасы иелеріне, бірінші және екінші топ мүгедектеріне, бюджеттік сала қызметкерлеріне пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті. Пәтер иелері атынан сөз алған көпбалалы ана Гүлзада Ашанова қуанышымен бөлісіп, аудан әкіміне алғысын білдірді.

IMG_0013

А.ЕСІРКЕПОВ,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале