Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде Жәнібек ауданы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.
Аталған бағдарламаға сай аудандағы біраз тұрғын үйлер жаңғыртылып, жаңартылып ретке келтірілді. Атап айтқанда, аудан бойынша 2014-2017 жылдар аралығында көп пәтерлі 5 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткізілді.
«Жәнібек-Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрман Түменовтың сөзіне сүйенсек, тұрғын үйлерді жаңғырту барысында күрделі жөндеу жүргізілген 32 пәтердің қайтарым қаржысы 6 миллион 759 мың теңге құрап отыр. Жаңғыртудан өткізілген тұрғын үйлердің қаржысын қайтармаған 9 пәтер иесі сотқа жолданып, нәтижесінде 452 мың теңге қайтарылған.
-Осы қайтарылған қаржыға Жәнібек ауылындағы Казарма №280-А үй мен Ш.Шарафетдинов атындағы көшедегі №103-ші көп пәтерлі тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңғыртылмақ. Бұл мақсатта аталған тұрғын үйлердің құжаттары дайындалу үстінде,-дейді Нұрман Әшекенұлы өз сөзінде.
Н.Өтей
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz