Жәнібекте дәстүрге айналған әр бейсенбідегі спорт күні садақ атуға арналды. Медицина мен аудан әкімдігі қызметкерлерінің арасында өткен жолдастық кездесу тартысқа толы болды.
Әрине, халқымыздың ежелден келе жатқан садақ ату өнері асқан ептілік пен қырағылықты талап етеді. Сырт көзге оңай көрінгенімен кез-келген адам бірден үйреніп кете алмайды.
Дегенмен, ұлттық өнерді дәріптеп, қарапайым тұрғындарға насихаттаған қызметкерлердің бағы мен бабы қатар шапты.
Аудан әкімі Тимур Шиниязов жолдастық кездесудің соңында барша қызметкерге лебізін білдіріп, ел игілігі үшін жасаған жұмыстар да нысанаға дөп тисін деген тілегін айтты.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы