29.05.2024, 23:15
Оқылды: 74

Жәнібекте үш ауылдың кіреберіс жолы жөнделуде

Жәнібек ауданында жағымды жаңалықтар легі толастар емес. Қайта азаймай, көбейе берсін дейік. Биылғы жағымды жаңалықтың бірі бұл үш ауылдың кіреберіс жолына асфальт жабыны төселіп жатыр.

image-29-05-24-10-01

Мәселен, Ақоба ауылында былтыр басталған кіреберіс 23 шақырым жолдың жөнделуі қайта басталды. Биыл асфальт төсеу жұмыстары аяқталатын болады. Мердігері «Қызылорда жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса, техникалық қадағалаушы «Нұрәлем-Құрылыс» ЖШС-і. Қазіргі таңда 7 шақырымға жол негіздемесі дайындалып, бүгіннен бастап асфальт төсеу жұмыстары басталды. Сол сияқты Тау ауылының 5,7 шақырым кіреберіс жолдың күрделі жөндеуі биыл ақталуы тиіс. Жоба бойынша екі су өткізу тұрбасы жаңадан салынады. Қазіргі кезде су өткізу тұрбалары орналастыру және жол негіздемесіне қажет құрылыс материалдарын жеткізу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстарды «Ақтөбе Жарық» ЖШС-і атқарса, «КустанайСпецСтрой»ЖШС-і техникалық қадағалайтын болады.

Сонымен қатар Борсы ауылына кіреберіс жолдың жөнделуі де жүріп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы 1,3 шақырымды құрайды. Жолға асфальт жабынын «КаНурСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төсейтін болады.

image-29-05-24-10-01-5

Техникалық қадағалаушы – «АлауЭкспертИнжиниринг» ЖШС-і. Қазіргі таңда бұл жақта жол негіздемесін дайындау мен су тұрбаларын өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале