18.02.2025, 19:00
Оқылды: 293

Жәнібекте «Жайық толқыны» фестивалі өтті

Бүгін Т.Жароков атындағы орта мектептің базасында Жәнібек аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында аудандық «Жайық толқыны» фестивалі өтті.

image-18-02-25-06-14-2

Байқаудың негізгі мақсаты - оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу, тарихи-мәдени мұраларды сақтау және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдениетін насихаттау және дарынды балаларға өз өнерін көрсетуге мүмкіндік беру.
Шара шымылдығы Гүлім Биғалидің орындауында «Елім» әнімен ашылды.

image-18-02-25-06-14-4
Фестивальдің ашылу салтанатында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Маркс Нұфтағалиев аталмыш шараның маңызын түсіндіріп, сайысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Байқауға ауданымыздағы орта және негізгі мектептер мен мектептен тыс жұмыстар орталығының оқушылары сайыс ережесіне сай әр бағам бойынша өз өнерлерін көрсетті.

image-18-02-25-06-14-3
Байқауда алты аталым негізінде үздіктер анықталып, әр аталымға ауданымыздағы әр саланың мамандары төрелік етті.
Байқау қорытындысында «Жас әнші» аталымы бойынша жүлделі 2-орынды Ғ.Қараш атындағы орта мектебінің оқушысы Бек Максим еншіледі. 3-орынды М.Ықсанов атындағы орта мектебінің оқушысы Аңсар Қайыржан мен Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептің оқушысы Ханшайым Еменғали бөлісті.

image-18-02-25-06-14-7
«Жас аспаз» аталымы бойынша жүлделі 1-орыннан №1 мектеп-лицей оқушысы Әділет Ғұмаров көрінсе, 2-орынды Тегісшіл негізгі мектебінің оқушысы Айсәуле Өтебаева иеленді. 3-орынды Ғ.Қараш атындағы орта мектебінің оқушысы Айсәуле Самат алды.

image-18-02-25-06-14-5
«Жас суретші» аталымы бойынша 1-орынды мектептен тыс жұмыстар орталығының оқушысы Дана Дәулетова жеңіп алса, 2-орынға Т.Жароков атындағы орта мектебінің оқушысы Алуа Мақсот лайықты болды, 3-орынды Ұзынкөл орта мектебінің оқушысы Аңсар Қамалов пен Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептің оқушысы Айзере Амангелді місе тұтты.
«Жас мобилограф» аталымы бойынша 3-орынды Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептің оқушысы Мөлдір Оразова алса, 2-орынға Ұзынкөл орта мектебінің оқушысы Кәмшат Өтеғали лайықты болды, жүлделі 1-орыннан №1 мектеп-лицей оқушысы Әлихан Тұяқ көрінді.
«Жас ақын» аталымы бойынша 1-орынға М.Ықсанов атындағы орта мектептің оқушысы Нұрбол Сағын лайықты болса, 2-орынды Т.Жароков атындағы орта мектептің оқушысы Рита Наурызәлі иеленді. 3-орынды Ғ.Қараш атындағы орта мектептің оқушысы Нұржігіт Сабырғали мен №1 мектеп-лицейдің оқушысы Жақсыбек Каримуллин бөлісті.

image-18-02-25-06-14-8
«Жас шебер» аталымы бойынша 1-орынды Ғ.Қараш атындағы орта мектептің оқушысы Дамира Майдушева жеңіп алса, 2-орынға мектептен тыс жұмыстар орталығының оқушысы Милана Байронова лайықты көрінді. 3-орынды Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептің оқушысы Ақерке Талипова мен Ө.Сахипов атындағы орта мектептің оқушысы Шаһризада Исатаева иеленді.
Жалпыкомандалық есепте 3-орынға Ө.Сапихов атындағы орта мектеп, 2-орынға №1 мектеп-лицей, 1-орынға Ғ.Қараш атындағы орта мектеп ие болды.
Ауданымыздағы әр жастың бойында толқындай тулаған дарын бар екеніне тағы бір мәрте көзіміз жетті.

Бану Самат
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале