Тазалық - саулық кепілі. Осы сөзді басшылыққа алған Жәнібек ауданы орталығындағы барлық мекеме қызметкерлері сенбілікке қатысты.
Сенбіліктің басты мақсаты - ауылдың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. Жыл сайынғы жалпы аудандық көктемгі сенбілікке білім беру ұйымдарының, бөлім мекемелерінің қызметкерлері атсалысып, Жәнібек ауылындағы А.Байтұрсынов көшесіндегі және орталықтағы саябақ ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді.
- Сенбілік жұмыстары дәстүрге айналған шара. Тазалық ауылдың сәнін арттырады, тәртібін түзейді, - дейді Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары Ләззат Айтқалиева.
Бақытжан Серіков,
Жәнібек ауданы