21.03.2021, 13:36
Оқылды: 18

Жәнібекте жалпыұлттық жоба аясында игі істер атқарылды

«Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Жәнібек ауданында көптеген игі істер атқарылды.

6511712B-BE5F-46B1-AE3E-1FCC3A18BA89

Мәселен, Наурыз мерекесі қарсаңында Жақсыбай ауылының жастары аз қамтылған Садық Коняевтың отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етсе, Ұзынкөл ауылының еріктілері зейнеткер Нәсіпханым Жұмағалиева әжейдің үйінің сыртқы жұмыстарына қолғабыс танытты. Сонымен қатар аталмыш ауылдың жастары жалғызбасты ана Ақырыс Дүйсеуованың үйінің ішкі-сыртқы жұмыстарына көмектесті. Сол сияқты Борсы ауылының еріктілері жалғызбасты ана, зейнеткер Әсима Есенғалиеваның үйінің жұмыстарына атсалысты. Ақобаның еріктілері де жоба аясында ауылдың қарияларының үй жұмыстарына қолғабыс танытып, қариялардың ризашылығына бөленді. Сондай-ақ Жақсыбай ауылының жастары ауыл мешітінің күрделі жөндеу жұмыстарына көмек қолын созуда. Ал Қамысты аулының еріктілер болса, II топ мүгедегі Э.Нәжімеденоваға азық-түлікпен өз көмектерін көрсетті.

843BE76F-EA53-4EEA-896F-E957E7CFD847

Сонымен қатар биыл қаңтар айында Талов ауылдық округінің Ю.Гагарин атындағы көшеде №12 үй өртенген болатын. Үйді қалпына келтіру үшін  аудандық мәслихат депутаты Мирас Иманғалиев және Жәнібек жастары волонтерлік тобы материалдық көмек көрсетті.

4D902E8D-F5D8-4C93-AC19-00626FCAF47A

Бұл жоба бойынша жұмыстар әліде жалғасын табады.

2E210A0E-EA93-464D-AD80-F03C075A1B4E

 Г.Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале