Бүгін Жәнібек ауданының орталық базарында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңке 15 қараша күні жыл сайын аталып өтілетін ауылшаруашылық күніне орай ұйымдастырылды.
Онда Жәнібек, Қамысты, Тау ауылдарынан әкелінген 3 бас ірі қара (1600тг) және 1 қой еті (1400тг) сатылды. Теректі ауданы бойынша шаруа қожалықтарының өнімдерінен жәрмеңкеде сатылған картоптың бір қабы 2000 теңге, 1 кг сәбіздің бағасы 80 теңге, қырыққабат бағасы 80 теңгені құраса, пияз 90 теңгеден сатылды. Картоп 6 тонна, қалғандарының әрқайсысы 0,5 тоннадан әкелінді. Одан бөлек жәрмеңкеде жеміс жидектер де саттыққа шығарылды.
Нақтырақ айтсақ, асқабақ (150 тг), алма (250 тг), баклажан, бұрыш (150 тг), жүзім (350 тг), сазан балығы 1200 тг және 1 тонна қара бидай. Сонымен қатар, жәрмеңкеде "Covid-19"- ға қарсы құрылған мониторингтік топтың мүшелері тұрғындарға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бетпердені дұрыс тағу, үнемі тағып жүру және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы жөнінде парақшалар таратты. Жәрмеңке алдағы сенбіде тағы да жалғасын табады.
Гүлім Қабдолова,
Жәнібек ауданы