19.12.2024, 18:00
Оқылды: 207

Жәнібекте жастар арасындағы құқық бұзушылық 53 пайызға өсті

Бүгін Жәнібек әкімдігінде аудан әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті.
image-19-12-24-02-16
Аудан әкімі Тимур Шиниязов отырысты ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде үш мәселе қарлады. Алдымен аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Ерназар Опиев түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүретін жастарды қадағалау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ерназар Серікұлының айтуынша, қоғамдық, адамдардың көп шоғырланатын орындары, саябақтар мен түнгі дәмханалар және ойын сауық орындары тексеріліп, күнделікті түнгі уақыттағы патрульдеу жұмыстары жүргізілуде. Учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аймақтары бойынша күнделікті қызметтерін атқару кезінде тұрғындармен тығыз байланыс ұстап, мекемелер, мектептер, елді мекендер, шаруа қожалықтарды аралап, профилактикалық түсінік жұмыстарын жүргізіп келеді.
– Жыл басынан кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтың, оларға қарсы жасалатын қылмыстың алдын алу барысында іс-шаралар жасақталып, мектеп оқушылары, колледж студенттері арасында лекциялар, дөңгелек үстелдер, жиналыстар, сауалнамалар, акциялар, спорттық шаралар өткізілді. Жалпы аудан бойынша 62 іс-шара өтті. Сонымен қатар жергілікті мекемелермен бірлесіп, патрульдеу рейдтік іс-шара жүргізу барысында ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1, 2 және 3 бөлімдеріне сәйкес 218 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 2023 жылмен салыстырғанда 53 пайызға өсті. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен, яғни ата-ананың кәмелетке толмаған баласының оқыту және тәрбиелеу міндеттерін орындамау бойынша 35 құқық бұзушылық анықталып, айыппұл салынды, - деді Е.Опиев.
image-19-12-24-02-55
Сол сияқты тұрақты жұмыспен қамтылған жастар туралы аудандық мансап орталығының құрылымдық бөлімше басшысының міндетін атқарушы Қайырбек Жұманиязов айтып өтті.
Оның айтуынша, биыл 35 жасқа дейінгі 322 жас тұрақты жұмыспен қамтылды. Соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 10, қоғамдық жұмыстарға 31, алғашқы жұмыс орындарына 14, ұрпақтар келісім шартына 1 жас жолданып, тұрақты жұмыспен қамтылды.
Сондай-ақ аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының міндетін уақытша атқарушы Меңдіхан Халихан жыл ішінде жастармен өткізілген шаралар туралы слайд арқылы баяндады. Сонымен қатар ол алдағы уақытта жастармен түрлі бағытта шаралар өткізу жоспарда бар екеніне тоқталды. Соның ішінде «Жайдарман» ойынын дамыту, «Жәнібек жастары» жазғы фестивалін өткізуді жоспарлап отыр.
Отырыс соңында Тимур Серікұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бөлімдерге тапсырма беріп, жиынды қорытындылады.
Гүлзара Мәди
Сурет: А.Сейфолла
Жәнібек ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале