Әлеуметтік желілерде Жәнібек ауданы жастарының, яғни мәдениет қызметкері, әнші Данабек Үмбетәлінің «Jastar Time» атты жаңа бағдарламасы басталды. Жоба мақсаты – аудандағы белсенді жастармен сұқбаттасып, өмірбаяны, еңбек жолы турасында әңгіме өрбіту. Еңбектерін насихаттап, өскелең ұрпаққа дәріптеу.
– Ауданымыздың белсенді әрі түрлі салада жұмыс істеп жүрген жастарымен әңгімелесіп, өз саласындағы қиыншылықтар, сол мамандықты не үшін таңдағаны, жетістіктері турасында айтылады. Жоба кейіпкерлері – түрлі саладағы адамдар. Алғашқы қонағымыз аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Мирас Иманғалиев болды. Қысқа да нұсқа бағдарламаны түсіріп алып, аудандық мәдениет үйінің YouTube каналы мен Instagram, Facebook желілеріне жүктейміз. Жобаға атсалысып жүрген әріптестерім Тимур Қаташев пен Еркін Ержан. Бағдарламаны апта сайын шығарып отыруды көздеп отырмыз, – деді Данабек.
Гүлзара Есенғали,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz