Жәнібек ауданы орталығындағы Д.Нұрпейісова көшесінде 545 метр тротуар қолданысқа берілді.
Бұл туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хайырлиев мәлім етті. Оның айтуына қарағанда, бұған қосымша аталған көшенің сол жақ бетіне де 849,6 метр жаяу жүргіншілер жолын төсеу жұмысы жүргізілуде. Жақын арада бұл жұмыс аяқталып, пайдалануға берілмек.
Лаура Халина,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер