Бүгін Жәңібек ауданында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылау жөнінде жиналыс өтті.
Жиынға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректорының ғылыми жұмыстар жөніндегі кеңесшісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Қазыбай Бозымов арнайы келіп, қатысты. Сонымен қатар жиналысқа ауыл әкімдері, аудан орталығындағы білім беру мекемелерінің қызметкерлері, студенттер бас қосты.
Сөз академик Қазыбай Қараұлына берілді. Ол Елбасының халыққа арнаған Жолдауындағы барлық баптарына жеке-жеке тоқталып, жиналғандар тарапынан түскен сауалдарға айқын жауаптар қайтарды. Жарыссөзге қатысқан зейнеткер Болат Закарин, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Ерсін Қанатов және Т.Жароков атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі Жасқайрат Каргин Жолдауға байланысты өз ойларын ортаға салды.
Жиынды аудан әкімі Азамат Сафималиев қорытындылады.
Гүлзара ТӨРЕҒАЛИЕВА,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!