6.07.2025, 17:00
Оқылды: 164

Жәнібекте жүзу жарысының үздіктері анықталды

Жәнібек ауданы орталығындағы ДЭУ бассейнінде Астана күніне орай жүзуден ерлер арасында жарыс өтті. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Руслан Нұралиев, полиция бөлімінің бастығы Мейрамхан Бапахов, «Жәнібек» спорт клубының басшысы Бекжан Нығметов қатысып, спортшыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

image-05-07-25-04-48-6

Салауатты өмір салтын насихаттау, ауданымызда жүзу спортын дамыту және кеңінен таратуды мақсат еткен жарысқа түрлі сала қызметкерлері қатысты. Жарыс жекелей түрде еркін жүзу бойынша оздырылды. Сондай-ақ қатысушылар 3 санат, атап айтсақ, 18-25, 25-35 жас аралықтары мен 35 жастан жоғары жас ерекшеліктері бойынша жарысты.
ҚР Мемлекеттік Гимн ойналып, қатысушылар жарысты.

image-05-07-25-04-48-1
Нәтижесінде, 18-25 жас аралығында жүлделі 1-орынды Әділет Рахметоллаев қанжығасына байласа, 2-орынды Әл-Фараби Әбдіраманов еншілеп, 3-орынды Нұрхан Қарашев місе тұтты.

image-05-07-25-04-48-2

25-35 жас арасынан суырылып алға шыққан Алмат Ахмулдин жеңіс тұғырынан көрінсе, 2-орынды Нұрбек Орынбаев, 3-орынды Амангелді Темірғалиев иеленді.

image-05-07-25-04-48-3

35 жастан жоғары санатта 1-орынға Аяби Марданов лайықты болса, 2-орын Нұрлан Қадешов, 3-орын Әлібек Кенжалиевке бұйырды.

image-05-07-25-04-48-4
Жеңімпаздарға арнайы дипломдар беріліп, ақшалай сыйлықтар табысталды.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале