Халықпен біте қайнасқан қастерлі еңбек иесі – медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық. Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні ретінде кеңінен атап өтіледі. Бұл мереке дертке шипа, денге саулық сыйлайтын осы бір ардақты мамандық иелерінің еңбектері еленетін күн. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов аудандық ауруханаға арнайы барып, ақ халатты абзал жандарды құттықтап қайтты.

- Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Күнделікті еңбегіңіз адам өміріне араша түсіп, денсаулықты сақтау жолындағы аса жауапты әрі құрметті іс. Қиындыққа мойымай, науқастардың денсаулығын жақсартуға, әрбір жанға үміт пен сенім сыйлауға атсалысып келесіздер. Сіздердің мейірімге толы жүректеріңіз, шыдамдылық пен біліктіліктеріңіз әрдайым жоғары бағаланады. Еңбектеріңіз жемісті болып, әрдайым қуанышқа, бақытқа толы болсын. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын, - деп, бір топ медицина саласының қызметкеріне аудан әкімі Тимур Шиниязовтың алғысхатын табыстады.
Дәлірек айтсақ, Азамат Мәуленов, Пархат Бекниязов, Әсем Бахтығалиева, Мейрамгүл Әбілова, Ару Жұмаева, Анаргүл Ханзалиева, Ерлан Уәхитовтің еңбектері еленді.
Бану Самат,
Жәнібек ауданы