30.10.2025, 9:00
Оқылды: 196

Жәнібектік анаға «Күміс алқа» алқасы табысталды

​Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі №1005 Жарлығына сәйкес Тау ауылының тұрғыны бір қыз, бес ұлдың анасы Айгүл Сұлтанғалиеваға «Күміс алқа» алқасы мен куәлігін табыстады.

image-29-10-25-04-51 (1)

​Жаннұр Бекбауұлы ел демографиясына үлес қосып отырған көпбалалы ананың деніне саулық, отбасына амандық тіледі.

​«Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу – үлкен еңбек және барлығымыз үшін үлгі. Сіздердің арқаларыңызда отбасы құндылықтары нығайып, қоғамымыздың рухани байлығы сақталуда. Отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік және бақ-береке тілеймін!» – деп атап өтті ол өз сөзінде.

​Өз кезегінде көп балалы ана Айгүл Болатқызы мемлекет басшысына, аудан әкіміне алғысын білдірді.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале