24-25 тамыз күндері Орал қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен зейнет жасындағы ардагерлер арасында облыстық спартакиада өтті.
Жарыста ардагерлер тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы және волейбол ойындарында бақ сынады. Жәнібек ауданының намысын қорғаған зейнеткерлер тамаша ойын өрнегін көрсетіп, Қасымғали Асанғалиев тоғызқұмалақ ойынынан екінші орын алса, Қадер Орақаев шахматтан үшінші орынды иеленді.
Жарысқа қатысушылар диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz