21.09.2023, 9:30
Оқылды: 19

Жәнібектік Бағдагүл Қарабасова келіндер байқауының бас жүлдесін иеленді

БҚО Халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Атамекен» өнер ордасында «Жас келін-2023» аймақтық келіндер байқауы өтті. Үлгілі келіндер жиналған байқауда қанжыға майланды. Жәнібек ауданының намысын қорғаған Тау ауылының тұрғыны Бағдагүл Қарабасова байқаудың бас жүлдесін иеленді.

EDA945F7-D760-481E-81F2-B35D16F1ECED

Сонымен қатар 350 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. 

– Байқаудың мәні ерекше. Келіндердің қоғамдағы орнын, олардың отбасындағы рөлін жан-жақты көрсетіп, нағыз қазақ келіндерінің бейнесін ашты. Өзім 1990 жылы Жақсыбай ауылында өмірге келдім. Кішкентай кезімнен өнерге, спортқа жақын болдым. 1997-2008 жылдары М. Ықсанов атындағы жалпы орта мектебінде білім алып, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық факультетіне оқуға түстім. Бала шағымнан бері арманым өнер саласында жұмыс жасау болатын. Сөйтіп Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің саздық білім беру мамандығында оқып, білімімді жалғастырдым. Бүгінгі таңда өзім қалаған салада қызмет етудемін. Жолдасым Сағыныш Сатыбалдиев – спорт кеңесшісі. Менің қос бірдей арманым да орындалды деуге болады. Нұржан, Жаннұр, Саянұр есімді балаларымыз бар. Тау ауылында қарапайым ғана ғұмыр кешіп, ұрпағымызға адал тәрбие беруге тырысып келеміз. Келін бүтін бір әулеттің ұйытқысы ғой. Олар арқалаған жауапкершіліктің де салмағы ауыр, - дейді Бағдагүл Сергейқызы.

Өз сөзінде үміт артып, байқауға қатысуға қолдау көрсеткен отбасына, аудан тұрғындарына, аудандық мәдениет үйінің ұжымына, әріптестеріне алғысын айтты.

Әлібек Қаржау

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале