3.06.2025, 19:00
Оқылды: 152

Жәнібектік көпбалалы анаға «Күміс алқа» табысталды

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №862 Жарлығына сәйкес жәнібектік көпбалалы ана Шынар Мұқановаға «Күміс алқа» алқасы мен куәлігін табыстады.

image-03-06-25-06-07-2

​Жаннұр Бекбауұлы ел демографиясына үлес қосып отырған көпбалалы ананың деніне саулық, отбасына амандық тіледі.
​- Өте қуаныштымыз. Осындай үлкен марапатқа ие болып жатырсыз. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен – ана ғой. Біздің тарихта батыр деген сөз Әлия, Мәншүк, Хиуаз апаларымызға айтылса, қазіргі тыныш, бейбіт заманда батыр нағыз сіздерсіз. Сол себепті аталған марапатқа лайықтысыз Сізге денсаулық тілеймін, балаларыңыздың он екі мүшесі сау болып, бақ пен береке бірге беріп, сол балаларыңыздың қызығын көріңіз. Ұл-қызыңыз тәуелсіз еліміздің бірлігі үшін қызмет ете берсін. Сіз оларды мақтан тұтып, түн ұйқыңызды төрт бөліп, еміреніп, емізіп тәрбиелеген балаларыңыз ақ сүтіңізді ақтасын, - деп ақ жарма тілегін арнады.

photo-output
​Өз кезегінде үш ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған Шынар Мұқанова Мемлекет басшысына, аудан әкіміне алғысын білдірді.

Бану Самат
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале