1.03.2026, 14:30
Оқылды: 10

Жәнібектік өнерпаздар үздіктер қатарынан көрінді

Жәнібектік жұртшылық көктемді қуанышты жаңалықпен қарсы алып отыр. Төл өнерімізді төрге шығарып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап жүрген дарынды жастар республикалық байқауда топ жарып, аудан мерейін асқақтатты.

photo-output

Ақтөбе қаласында өткен, Хабидолла Тастанов пен Бақыт Басығараевтың 100 жылдығына арналған республикалық домбырашылар өнер байқау-фестиваліне Жәнібек аудандық балалар саз мектебінің шәкірттері қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Педагог-модератор Гүлмира Кубаева мен халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты Наргиза Касумованың жетекшілігімен 10–12 жас аралығындағы оқушылардан құралған ансамбль жүлделі орын иеленіп, ауданымызда ұлттық өнердің өрісі кең, деңгейі жоғары екенін дәлелдеп келді.
Жеке орындау номинациялары бойынша да жас домбырашыларымыз өте жоғары нәтиже көрсетті:
– 13–14 жас аралығында Еркін Жұматаев – І орын;
– 9–10 жас аралығында Айлин Биболатова – ІІ орын;
– 11–12 жас аралығында Айымжан Шабхат – ІІ орын;
– 9–10 жас аралығында Жанерке Уалиева – ІІІ орын;
– 11–12 жас аралығында Арна Нұрболат – ІІІ орын иегері атанды.
Бұл жетістіктер – ұстаздардың жүйелі еңбегі мен кәсіби шеберліктерінің, ал жас өрендердің ұлттық өнерге деген шынайы сүйіспеншілігінің жемісі.
Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер – ұлттық өнеріміздің жарқын болашағы, ел ертеңінің үмітісіздер. Домбыраның қоңыр үнімен халқымыздың рухын асқақтата беріңіздер!

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале