8.09.2024, 10:30
Оқылды: 135

Жәнібектік отбасы жеңіске жетті

Кеше облыстық отбасылық «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» сайысының қорытынды, яғни марапаттау кезеңі өтті. Үш күн бойы тартысқа толы болған додада қатысушылар бір-бірімен етене жақын араласып, достық қарым-қатынасты нығайтты.

FB_IMG_1725696092827

Сайысқа Жәнібек, Казталов, Бәйтерек, Тасқала, Бөрлі, Теректі, Ақжайық аудандарының бірлігі жарасқан отбасылары қатысты. Сайып келгенде топтық есепте Теректі ауданы 3-орынды місе тұтса, 2-орынға Ақжайық ауданы лайық болды. Ал жәнібектік Сикеновтер отбасы 1-орынды қанжығасына байлап, жеңіс тұғырынан көрінді. Топ жетекшісі Ерлан Нығметов:

– Иә, біз мығым дайындықпен келдік. Жарыстың ашылу салтанатында Сейфолла Сикенов те жеңістен үміттіміз деп айтты ғой. Міне, барымызды салып, аудан намысын жықпақдық. Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылыған. Отбасылар 3 күнін өкінбестей өткізді,- деді өз сөзінде.

Жүлдегерлерге естелік сыйлықтар табысталды.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале