6.10.2024, 12:26
Оқылды: 40

Жәнібектік шабандоздар дауыс берді

Көкпар десе делебесі қозбайтын қазақ жоқ шығар. Республика көлемінде өтіп жатқан бүгінгі саяси науқанда өз үміткерлерін таңдауға Жәнібек ауданының шабандоздары да бір кісідей келіп атсалысты. 

IMG-20241006-WA0182(1)

Аудан орталығындағы №1 мектеп-лицейінде орналасқан №138 референдум учаскесіне шабандоздар бір топ болып келіп, саяси науқанға қатысты.

Шабандоздар көкпарға мінетін аттарымен сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы көкпар киімімен салтанатты түрде келіп, дауыс берді.

IMG-20241006-WA0183

Шабандоз Еділ Бажиев: «Еліміздің әрбір азаматы бұл саяси шараға қатысып, өз дауысын беруді мәртебелі іс деп қабылдауы керек. Өйткені ол референдумға қатысып, өз дауысын беру арқылы кемел келешегі мен жарқын болашағын айқындайды. Еліміз дами берсін, ел-жұртымыздың ауызбіршілігі мығым болсын, - дейді.

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале