Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Арман Исқақов осылай дейді.
Оның айтуынша, былтыр «Сыбаға» бағдарламасы аясында шаруа қожалықтарына 135 миллион теңге тиген. Сол сияқты «Құлан» бағдарламасы бойынша 7 шаруа қожалығы 46 миллион теңге несиеге қол жеткізген. Үкімет берген мүмкіндікті қалт жібермеген еңбеккерлер 29 асыл тұқымды айғыр мен 225 аналық жылқы сатып алған.
-Ал биыл «Алтын асық» бойынша 2 шаруа қожалығы 13 миллион теңге демеуқаржы алған. Олар бағымдағы малының тұқымдық сапасын жақсартуды мақсат тұтып отыр, - дейді Арман Искаков.
Н.Өтей
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz