25.03.2025, 9:00
Оқылды: 53

Жәнібектік тұрғындар енді картопты 145 теңгеден сатып ала алады

«Aqjaiyq» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» «Тұрақтандыру қоры» аясында Жәнібек ауданындағы «Ратмир» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Лунара Айтқалиева наурыз айында төмен бағада азық-түлік тауарларын ауданға жеткізіп, тиімді бағада сатып жатыр.

image-24-03-25-08-30-1
Атап айтсақ, күріштің орташа бағасы бұған дейін 500 теңге болса, бағдарламадан кейін 335 теңгеге түсіп отыр. Ал картоп бағасы бұған дейін 350 теңге болса, енді 145 теңгеден сатылуда. Аталған тауарлар аудан орталығындағы «Bigmart» супермаркетінде сатылымда.

image-24-03-25-08-30

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, былтыр шілде айында аталған жеке кәсіпкер «айналым схемасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік маңызы бар 8 түрлі азық-түлік тауарларын ауданға жеткізіп, үшжақты келісімшарт негізінде 1 жыл бойына төмен бағада сатуда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

image-24-03-25-08-30-2

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале