Ақсай қаласы «Қарашығанақ» спорт кешенінде қол күресінен ерлер мен әйелдер арасында облыс чемпионаты өтті.
Жарысқа Орал қаласы, «Орал» спорт клубы, Бәйтерек, Теректі, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Жаңақала, Жәнібек аудандарынан келген спортшылар қатысты.
Жарыс қортындысы бойынша ауданымыздың намысын қорғаған спортшыларымыз жақсы нәтижеге қол жеткізді. Дәлірек айтсақ, ерлер арасында 70 келі салмақ дәрежесінде Ернұр Ғазизов, 80 келі салмақ дәрежесінде Жалғас Берікғалиев, +90 келіде Рахат Көшкенғали жүлделі І орын алып, чемпион атанды.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы