Жуырда Орал қаласында қол күресінен 2010-2012 және 2013-2015 жылы туған жас жеткіншек ұлдар мен қыздар арасында ашық қалалық чемпионат өтті. Чемпионатқа 8 команда, 100-ге жуық спортшы қатысып, бақтарын сынады.

Атап айтсақ, Шыңғырлау, Қаратөбе, Жәнібек аудандары, Орал қаласының ЖӨҚОБЖСМ, оқушылар сарайы, алтын сақа, армспорт, спорт клубы командалары қатысты.
Жәнібек ауданынан қатысқан үш спортшы аталған додада бақтарын сынап, нәтижесінде үшеуі де жақсы көрсеткішке ие болды.
2010-2012 жылы туған ұлдар арасында 60 келі салмақта Бибарыс Серікұлы бірінші, Рефат Сәумен екінші орынды алды. Қаыздар арасында 55 келі салма дәрежесінде Жәния Қабдолова ІІ орынды иеленді.

Жеңіске жетіп және жүлдегер атанған спортшылар Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом, медальдарымен, БҚО гір спорты және қол күресі федерациясының сыйлықтарымен марапатталды.
Спортшыларды жаттықтырып жүрген бапкер Марал Төлешев: «Аталған жарысқа баруға қолдау білдіріп, демеушілік болған балалардың ата-аналарына рахмет айтамын!»- деді.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы