Ресей Федерациясының Палласовка ауданында 2008 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан өткен матчтық кездесуге қатысқан Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері екінші орынға ие болды.
Сонымен қатар «Үздік сұрмерген» және «Үздік қақпашы» аталымдарымен Алижан Сырым мен Қайсар Қамит марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табыс етілді.
Спортшылардың аталған жарысқа қатысуы үшін жеогілікті кәсіпкерлер Жандос Уәлиев пен Дастан Әбдірешевтердің демеушілік көмек жасағанын айта кеткен абзал.
Г.МӘДИ
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz