10.06.2025, 16:45
Оқылды: 138

Жәнібектік жүлдегерге аудан әкімдігі құрмет көрсетті

Ақтау қаласында спорттық самбо және жауынгерлік самбодан 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

73312b7a-f4f4-48c5-a760-27a4ed25e119

Жарысқа 88 келі салмақ дәрежесінде қатысып, III орынға ие болған жерлесіміз Мерген Задоровты Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов қабылдады.
- Сіз аудан намысын абыроймен қорғап, жас буынға үлгі болдыңыз. Самбо – тек күш пен ептілік емес, ол тәртіп пен рухтың символы. Сіз осы қасиеттердің барлығын бойыңыздан көрсетіп, лайықты жеңіске жеттіңіз. Ауданымыздың атын асқақтатып, үлкен қуаныш пен мақтаныш сыйлағаныңыз үшін алғыс білдіремін.

43add84f-3cd5-452b-b532-f7fb9a1b4a8b

Жігеріңізге серпін, жеңістеріңізге жеңіс қосыла берсін!- деп, тілегін жеткізген Жаннұр Бекбауұлы спортшы мен оның бапкері әрі әкесі Серік Самодияновқа аудан әкімінің алғысхаты мен естелік сыйлығын табыс етті.

Бану Берікқали,
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале