Орал қаласының әкімдігі, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен аударыспақтан 2007-2009 жылы және 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық қалалық турнир өтіп, ұлттық спорт ұлықталған болатын.
Аталған турнирге Жәнібек ауданының аударыспақшылары да қатысты.
Жәнібек ауданы құрамасы командалық есепте көш бастады. Ендеше, таныс болыңыздар!
+42 келі салмақ дәрежесінде: 1-орын Нұртас Қайрат, 2-орын Арлан Ахмухан, 3-орын Айқын, Мералиев
+48 келі салмақ дәрежесінде: 2-орын Жангелді Ерболат
+54 келі салмақ дәрежесінде: 1-орын Ақниет Бақтығали, 3-орын Ерасыл Болат,
+65 келі салмақ дәрежесінде: 1-орын Дияс Рысалы, 2007-2009 жылғы жасөспірімдер арасында
+42 келі салмақ дәрежесінде: 2-орын Аян Рафхат, 3-орын Азат Тайыр
+48 келі салмақ дәрежесінде: 2-орын Мират Кежебекұлы, 3-орын Рамазан Бақтығали
+54 келі салмақ дәрежесінде: 1-орын Талғат Есім
+59 келі салмақ дәрежесінде: 3-орын Нұрғазы Жайлыбай, 65 келі салмақ дәрежесінде: 3-орын Ансар Саматұлы
+71 келі салмақ дәрежесінде: 2-орын Жайдар Нұрыш, 82 келі салмақ дәрежесінде: 2-орын Рахман Ақылбек
Осындай салмақ дәрежесінде жүлдегер атанған әр қатысушыға «Орал» спорт клубынан арнайы диплом, медаль мен сыйлықтар табысталды.
Жаттықтырушы Бейбіт Ароновтың еңбегін де атап өткен жөн. Айта кету керек, Орал қаласына ат апаруға демеуші болған жандар: Маралбек Абдиров (Борсы ауылы), Абай Жұмақұлов (Ақоба), Дархан Зайнуллин, Нұрзат Бексейітов (екеуі де Тау ауылынан).
Бану Самат
Жәнібек ауданы