12.03.2024, 23:30
Оқылды: 48

Жәнібектіктер Бөкей ордасынан олжалы оралды

Самбо күресінен 2011-2012 жылдары және 2013-2014 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер арасында Бөкей ордасы ауданының ашық турнирінен жәнібектіктер жүлделі оралды.

FB_IMG_1710267782164

Ұлыстың ұлы күніне байланысты ұйымдастырылған додада жүлделі 2, 3-орындарды Бексұлтан Сырым, Арсен Шакиев, Осман Бақтияр, Нұрмұхаммед Иса, Ерсұлтан Тілекқабыл, Бекнұр Бектенов, Жомарт Ғұмаров, Сабыржан Нариман еншіледі. Ал алтын жүлдемен Бек Нұрболат, Нұрәлі Биболат, Нұржас Ескендір, Әмин Ғұбайдоллов мерейді үстем етті. Оларды жаттықтырған - Ерғазы Темірғалиев, Нұрлан Сәрсенбаев, Дарын Мұсаев, Нұрсұлтан Абуов.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале